18 сәуірде түрлі елдердің қатысушылары үшін «Какое благо – быть!» Халықаралық интернет-сайысы қайтадан бастау алды

18 сәуірде түрлі елдердің қатысушылары үшін «Какое благо – быть!» Халықаралық интернет-сайысы қайтадан бастау алды, оның ұйымдастырушылары ШҚ облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы болып табылады. 2023 жылы сайыс Оралхан Бөкейдің 80-жылдығына және Марат Қабанбаевтың 75-жылдығына арналды.

Сайыстың негізгі мақсаты – қазақстандық жас ұрпақтың және өзге де елдердің оқырмандарының назарын шығысқазақстандық ақын-жазушылардың шығармашылық мұрасына аудару.

Кемерово (Ресей), Могилев (Беларусь Республикасы), Қарағанды кітапханаларының мамандарымен және оқырмандарымен онлайн-тәртібінде сұхбат жүргізілді. Қазақстан өңірлерінің жастары, Ресей, Беларусь өкілдері байқауға қатысуға ниет білдірді .

Онлайн/офлайн форматта жиналған барлық адамдар үшін жазушылардың шығармашылық өмірбаянындағы ең жарқын фактілер, олардың шығармашылығының негізгі мотивтері айтылды. Кездесу қонағы С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғарғы колледжінің оқытушысы, «ШҚМУ Доценті», сондай-ақ сайыстың әділқазылар мүшесі Жилкибаева Алма Ахметжановна болды. Ол барлығына сәттілік тілеп қана қоймай, байқауға қатысушыларға оқу үшін шығармаларды таңдауға көмектесетін авторлардың шығармашылығындағы ең қызықты сәттерге тоқталды.

Көрме-инсталляция жазушылардың шығармаларын, олардың дәйексөздерін, сондай-ақ Оралхан Бөкей мен Марат Қабанбаевтың әр жылдардағы фотосуреттерін көрсетті.

Табиғат және оны қорғау М.Қабанбаевтың «Арыстан, мен және виолончель» повесінің кейіпкерлерімен бірге өткен, кітапхананың жас оқырмандары дайындаған қойылымда көрініс тапты.

Байқау басталды және 2023 жылдың қыркүйегіне дейін жалғасады.